04
June
2021
Рефлексия Калабаева Л.И.
3-деңгейлі сертификатталған №19 Бұлар батыр орта мектебінің педагог-эксперт санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Калабаева Лайла Ибрашқызының 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша рефлексивтік есебі
Осы оқу жылында басты ұстаным ретінде адамзаттың ойшылы,сеғіз қырлы,бір сырлы,Шығыстың шайыры,ғұлама ғалым Әбу –Насыр әл Фарабидің мына бір дана сөзін алдым.
Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.
Мен математика пәнінен «Өткенді пысықтау» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттеу сабағын өткіздім. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды көбейту мен бөлу амалдарының мән-мағынасын ашатын есептерді қайталатып, критериалды бағалау арқылы қызығушылығын арттыру Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастадым. Осы кезеңде сыныпта психологиялық ахуалды орнату мақсатында оқушылар «Шаттық шеңбер» арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Сабақта оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар қолдандым. Оқушыларды фигуралар арқылы топтарға бөлдім. Үй тапсырмасын қайталауда «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар жауап берді. Дескриптор арқылы оқушылар өзін-өзі бағалады. Бағалауда оқушылар өздерін шынайы бағалай алды. Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындады. Әрбір тапсырмаларды тексеріп, дескрипторлар арқылы өзін-өзін бағалады. Сабақта АКТ-ны қолдана отырып, сандарды неше түрлі суреттер көрсету арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыра алдым. Интерактивті тақтада бірнеше суреттер көрсетіп, логикалық сұрақтар қойып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын арттырдым деп ойлаймын. Жаңа сабақты бірнеше фигуралардың суреттерін көрсетіп түсіндірдім. Өмірмен байланыстырып, үйдің суретін көрсеттім. А деңгейдегі оқушы өзінің білімін нақтылап, houseқабырғасын, шатырының қай фигураға ұқсас екенін жылдам айтты. Әр фигураға бейнероликтер көрсеттім. Осы сәттер оқушыларға ерекше ұнады. Себебі, әр фигура бейнероликте билеп, өздері қандай затқа ұқсас екенін айтты. Осы бейнеролик оқушылардың есінде жақсы қалды. Сабақты қайталауда С деңгейдегі оқушым бейне роликті көріп, фигураларды ажырата білді. «Қайсысы неге ұқсас?» ойынына оқушылар белсене қатысты. Дәптермен жұмысты оқушылар жақсы және дұрыс орындады. Оқушылар түстерді ажыратып, түстеріне қарай фигураларды бояды. Оқушылардың жұмыстарын бағалауда формативті бағалаудың бір түрі «Басбармақ» қолдандым. «Кестеге қарап, терезелерге жапсыр» дидактикалық ойынында оқушылар тақтаға шығып жұмыс жасады. Нәтижесінде оқушылар фигуралар туралы білімдерін нақты көрсете білді. Сабақта оқушылармен кері байланыс орнату мақсатында «Жетістік баспалдағын» қолдандым. Нәтижесінде, оқушылар өз ойын айтып, жетістіктерінің деңгейін көрсетті.
Критериалды бағалауды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Мақсаты: Қазіргі таңдағы білім сапасын критериалды бағалау тәсілдерін талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру
Міндеттері: 1. Жаңаша бағалау жүйесі арқылы оқушының білім сапасын жетілдірудегі әдіс-тәсілдерді практикада көрсету 2. Критериалды бағалау арқылы оқушылардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру;
3.Қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін оқу үдерісінде білім алушылардың шынайы бағалау жүргізе алатындай деңгейге жетулеріне ықпал ету
4. Әдістерді ықпалдастыру
5. Адамгершілігі жоғары, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой- талғамы бар, құзіретті,мейірімді,шығармашыл, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
— оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
— бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып, зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
— оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр . Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы- олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы- білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке — дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі -мұғалім.Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Bestсіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де, соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.
Кез-келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет. Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі
Оқушыға рефлексия жасату арқылы бағалауды үйрету
Өзектілігі: Оқушыларының білімге деген ынтасын арттырудағы формативті бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізу.Оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге оқу сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу.
Міндеттері: *Бағалаудың түрлерін (теориялық, жиынтық, қалыптастырушы) анықтау.
*Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.
*Оқытудың қиындықтарын анықтау
*Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады
2. Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.
3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
5.Рефлексияға қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады.
Teachersдің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Соның бірі «Оқушыға рефлексия жасату арқылы бағалауды үйретуді» зерттеуге қызуғушылық таныттым. Мені қызықтырғаны , баланың өзі еркін ойын айтып, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді- ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім -осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», - деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алMayды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Ministry of Education and Science оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді,әрі қарай нені қайталау керектігіне бағыттайды.
Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет- тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Feedbackтың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау және өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.
Өзін – өзі бағалаудың алгоритмі мынадай:
1) Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?
2) Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателіктер жіберді ме?
3) Оқушы тапсырманы толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме ?
4) Тапсырманы орындау барысында қандай біліктіліктер дамыды ?
«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).
Қазіргі бағалау түрлі нысанда,түсінікті,психологиялық тұрғыдан жайлы,екі құрамды : жиынтық және формативті болуы керек.
Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оны мұғалім тест,емтихан т.б. түрде өткізіп, өзі бағалайды.
Формативті бағалау үшін не қажет?
Оқушылардың оқудың мақсатын білуі және түсінуі;
Мақсат кең және сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нәтижеге келетінін толық білу керек. Нәтижелер нақты,бақыланатын,өлшемді мақсатқа жауап беру керек.
Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
Feedback оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Feedback көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп, мұғалім әр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп.
Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
«Оқу түбі- тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек.
Сондай -ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Әртүрлі қалып пен мәнмәтінде қарастыра білу керек,жолдастарының немесе өздерінің білімдерін бағалауда қолданып,тұжырымдамалар жасаулары керек.
Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі;
Бағалау үдерісі шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек және осы критерийлер негізінен ауытқымау керек.
Бағалау нәтижелерін ескере отырып ,оқытуды өзгерту.
Бағалау- оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану- тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі, бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етеді.
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау.
Бұл сабақтарымда мен бірінші бетпе -бет кезеңінде таратылған «Сыныптастармен өзара бағалауға көмектесу» атты қосымша материалды және «Критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты»басшылыққа алдым.
Ол қосымшада «Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады»делінген. Нәтижесінде, бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетуі тиіс деп ойлаймын.