Публичный доклад руководителя школы на сайте организации образования. » СШ №19
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№19 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Публичный доклад руководителя школы на сайте организации образования.
08
июнь
2021

Публичный доклад руководителя школы на сайте организации образования.

Әрбір басшының мақсаты – мекемесін дамыту, алдыңғы қатарға қосу, нәтижеге жету.
Бүгінгі мектеп – күрделі де жауапты жүйе. Білім саласында көптеген өзгерістер мен жаңарулар көп. Заман ағымына қарай, қазіргі жаңа білім беру мен тәрбиелеудегі өзгерістер мен жаңа талаптарға байланысты мектептіде жаңа талаптарға сай басқару керек.Мектепті басқарудың әлемдік тәжірибесіндегі жаңа әдістердің бірі – басқарудан көшбасшылыққа мектепті басқарудың позициясын өзгерту болып табылады.
Басшы –бұл жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. Жақсы басшы қызметкерлері орындаған жұмысты реттеп қабылдапотырады.
Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты болжау қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды яғни,
● Бағыттаушы;
● Ұйымдастырушы;
● Ынталандырушы.
Басшы ретінде берілетін бұйрық-нұсқауларды ұсыныс кеңестермен алмастыра отырып, бөлінген көшбасшылық арқылы, басты назарды педагогикалық мәдениетті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Осы орайда оқу-тәрбие үдерісінде өте жауапты және үлкен зерттеу жұмыстарын қажет ететін үдеріс /процесс/ - мектептің даму перспективасын жоспарлау.
Мектепті дамыту жоспарын жасақтаудағы ең маңыздысы күні бұрын жүргізілген аудит /зерделеу/ негізінде стратегиялық басымдықтарды анықтап, нәтиже және табыс критерийлерін белгілеп, іс-әрекеттер жоспарлау. Осы мақсатта білім берудің сапасын арттыруда: мектеп әкімшілігі және мектеп ұстаздарының кәсіби біліктілігінің жоғарылығы яғни оқуы мен қатар оқушылардың терең білім алуы маңызды.
Мектеп миссиясы: Білім алуда жоғары деңгейге жетуге дайын, алған білімін өмірде пайдалана алатын, саламатты және қисынды ойлай алатын, мамандық таңдауға қабілетті, мемлекеттік «Мәңгілік ел» бағдарламасының идеяларын жетік меңгерген және оны жүзеге асыруға қабілетті, өз құқығын қорғай алатын және өз міндеттеріне саналы түрде қарайтын, өмірге көзқарасы түзу, адамгершілігі жоғары, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуге жағдай туғызу.
Мектеп проблемасы: Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясын тиімді қолдана отырып, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
Өзектілігі:
 Сапалы білімге қол жеткізу;
 Өзгерістер мен жаңартуларды енгізу;
 Пед.кадрлардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру;
 Оқу үрдісін /прлцесін/ ұйымдастырудың жаңа жүйесін жасау;
 Білім беру технологияларын әлемдік стандартқа негіздеу;
 Оқушы бойында функционалдық сауаттылық дағдысын қалыптастыру;

Критерийлері:
 Тиімді басқару;
 Мақсаттың айқындылығы;
 Бірлескен жұмыс;
 Үздіксіз даму мәдениетін құру;
 Инновациялар мен өзгерістерді енгізу.
 «Табысты мектеп» атану.

Мектепті дамытудағы негізі мақсат – «Табысты мектеп» дәрежесіне жеткізу.Табысты мектеп дегеніміз бұл – табысты оқушы – табысты мұғалім – табысты басшы сабақтастығы.

Табысты оқушы моделі :
 Коммуникативтік қабілеттерін арттыру;
 Мәселені алға қойып, оны шешу дағдыларын қалыптастыру;
 Өзіндік дамуға бағыттау;
 Шығармашылық пен білуге құмарлық;
 Ақпаратпен жұмыс жасау дағдылары;
 Әлеуметтік жауапкершілік;
 Сын тұрғысынан ойлау және жүйелі ойлау;
 Рухани бай тұлға қалыптастыру;
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» деген жақсы сөзі бар ғұлама Әл – Фарабидің. Сондықтан да, ең алдымен тәрбиеге, соның ішінде ұлттық тәрбиеге көңіл бөлінуі қажет.Бұлай дейтінім, өзіміздің ата-бабамыздың бала тәрбиелеу әдістері, ойшылдарымыздың қанатты сөздері, салт-дәстүрлеріміз, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық, елге, жерге деген сүйіспеншілікке толы эпостық жырларымыз біздің ұрпақты рухани бай, елжанды, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге ықпалы зор деп түсінемін. Бұл үшін осы бағытта тәрбие беретін, балаға шабыт беретін кездесулер, кештер өткізіп, экскурсиялар жасатып, ұлттық нұсқада үйірмелер, жаман әдеттердің салдарын көретіндей роликтер мен видеороликтер көрсету керек. Балаға 100 рет айтқаннан да 1 рет көрсеткеннің тиімділігі зор. Осыны Мысалы, «Қазақ тілі» күні, «Сыпайылық» күні, «Әдептілік» күні, «Ата-ананы құрметтеу» күні, «Қамқорлық» күні деп, практика жүзінде әртүрлі атаумен күндік, апталықтар өткізілсе, ана тілді құрметтеуге, әдептілікке, сыпайылыққа, ата-ананы құрметтеуге, көмек беруге бала үйренеді. Сонымен бірге «Идеялар тақтасын» ұйымдастырса, бұл «Оқушы үнін» ескеруге ықпалы зор болады. Мұнда оқушылар мектеп өміріне қосар ойларын, ұсыныстарын көрсете алады. Тіптен басқаруға да ұсыныс беріледі. Осылайша рухани байыған тұлғаның коммуникативтік қабілеттері артады; алдына проблема қойып, оны шешу дағдылары қалыптасады; проблеманы шеше білген бала өзіндік дамуға бағытталады; өзін-өзі дамытатын бала білуге құмартады, білгісі келген бала шығармашылықпен айналысады, яғни ғылыми жобалар жазады, ол балада әлеуметтік жауапкершілік пайда болады, балада сыни көзқарас пайда болады, ол жүйелі ойлайды, жүйелі ойлаған бала өмірге бейім бала деген сөз. Біздің қазіргі таңдағы жаңартылған бағдарламаның алдымызға қойып отырған мақсаты да, мектеп проблемасы да осы - оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Қалай десек те,ең мықты, табиғи мектеп-отбасы. Оқушыны дамытуда ата-анамен бірлесе жасаған жұмыстар нәтижесін бермек. Ата-ананы мектепке тарту, мектеп өміріне араластыру - мектептің басты мақсатының бірі болу керек. «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» деген екен М.Жұмабаев. Мектеппен бір қазанда қайнаған ата-ананың заман талабынан хабары мол, заманауи ойлайтын, балаға дұрыс бағыт-бағдар берері сөзсіз. Сондықтан да Ата-аналар жиналысы тек нәтиже мен кемшілікті талдайтын, есеп беру жиналысы емес, ол мектеп пен ата-ананы жақындастыратын, ынтымақтастыратын, бірлесе жұмыс жасауға бағыт беретін шара болу керек. Ата-аналар жиналысы заман талабына сай жаңа формаларда: коучингтер, тренингтер, сабақтар, пікір алмасу, тәжірибе алмасу, педагогика-психологиялық көмек ретінде жүргізілсе, ата-ананың мектеп өміріне қызығушылығы туындап, белсене араласып, мұғалім мен ата-ана арасында түсіністік, ынтымақтастық, жағымды қарым-қатынас қалыптасады. Сонда барып ата-ана мектепке сыншы емес, бала тәрбиесінде де, мектепті дамытуда да көмекші болады деп ойлаймын және Макаренко айтқандай, ата-ана баланы өз қуанышы үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатпағандығын, отбасында және ата-ананың басшылығында болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келетіндігін ұғынары сөзсіз.
Осындай бірлестіктен Мұғалім-Ата-ана-Оқушы арасындағы табысты қарым-қатынас қалыптасады.
Бүгінгі күні ұстаздар өздерінің кәсібилігін жоғалтпас үшін заман талабына жауап беретін ұрпақ тәрбиелеп өсіру бағытында өздерінің білімдерін толықтырып, біліктіліктерін арттырып, оқу мен оқытуға өзгеріс енгізуді іске асыруда. Әрине, білім беру саласындағы өзгерістердің сапалы болуы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Өйткені, қай кезеңде, қай қоғамда болсын өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Ушинский айтқандай, «Бала – балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, мүсін жасаймын десе де мұғалімнің өз қолында»,
Қазіргі мұғалім қандай болу керек?
 Өз мамандығын жақсы көретін, теорияны жақсы меңгерген, өзін интеллектуалды көрсете алатын маман
 Оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жүзеге асыруда кәсіби біліктілігін арттыру;
 Ғылымның әр саласынан хабардар, жан-жақты білімді, әлемдік бәсекеге қабілетті
 Кәсіби шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытуға ықпал ететін
 Жаңа педагогикалық технологиялардың толық әдістемесін меңгерген
 Әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін психолог
 Нәтижеге бағытталған білім беретін маман
Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мұғалімнің беделін арттыру – мемлекеттік даму бағдарламасының негізгі басым бағыттарының бірі.
«Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді.
Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді», деп Бауыржан атамыз айтқандай.Ұстаз оқушыны қалыптастырса, басшы мұғалім құзыреттілігін қалыптастыру керек, өйткені ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің артуы оның қоғамдағы беделінің де артуына әкелетіні айқын.
Сондықтан әрбір ұстазға:
 оқытудың жаңа басымдықтары мен жаңаша белсенді әдіс-тәсілдерін меңгерту.
 мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау
 мұғалімнің білімін көтерудегі жүйелі және кешенді әрекетін оқу-тәрбие үрдісімен тығыз байланыстыру
 мұғалім өз тәжірибесінде қазіргі заманға сай әдістемені, сыни тұрғыдан оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін толық меңгерту.
 Ынталы да белсенді әрекеттер арқылы мұғалімнің шығармашылық жетістігін өсіру
 Әрбір оқушының ерекшелігі мен зейінін ескере саралап оқыту; білімді нәтижеге бағыттау.
Осылайша оқушы мен мұғалім құзыреттілігін арттыру арқылы мектепті дамыту жоспарланады.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізге ала отырып 2020-2024 оқу жылдарына арналған перспективалық жоспарға төмендегі міндеттер алынып, оны іске асыру іс-шаралар жоспары жасалды:
І. Оқыту әдістемелерін жетілдіру 1. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында кең көлемде қолдану.
2. Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңестерде әдістемелік жұмыстардың сапасына ерекше көңіл бөлу.
3. Тәлімгерлікті дамыту арқылы мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастыру.
4. Желілік қоғамдастық жұмыстарын жетілдіре отырып, озық тәжірибені насихаттау және тарату.
5. Оқытудың қазіргі заманға сай белсенді әдіс-тәсілдерін мұғалімнің біліктілігімен, тәжірибесімен сабақтастыру,
ІІ. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету. 1. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша басқару блогін құру.
2. Білім берудегі көшбасшылықты жетілдіру.
3. Мектеп кітапханасында кітап қорын молайту.
ІІІ. Білім беру саласына ақпараттық технологиялардың жетістіктерін енгізу. 1. Оқушыларды қашықтықтан білім беру жүйесіне көптеп тарту.
2. Online-сабақтар өткізудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
3. Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды, әр түрлі іс-шараларды бейнефильмге түсіріп, оларды әзірлемелерімен бірге мектептің сайтына орналастыру.
4. Электрондық оқыту жүйесін пайдалану деңгейін арттыру.
ІV. Үштілділікті енгізу 1. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін жүргізілу жағдайын бақылап, жоғары дәрежеде жүргізілуіне жағдай жасау.
2. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен оқушылар мен ұстаздарды республикалық, халықаралық байқауларға қатыстыруға жағдай жасау.
V. Ұстаздардың бәсекеге қабілетті кәсіби компетенттілігін көтеру 1. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік сабақтар мен шығармашылық есептер, коучингтер мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференциялар өткізу.
2. Мұғалімдер қызметін болжау мен рефлексияны тәжірибеде қолдануын мұғалім жұмысының эволюциясымен байланыстыру
3. Интернет-олимпиадаларға, қашықтықтан білім алу іс-шараларына қатыстыру.
4. Білім жетілдіру курстарында алған жаңалықтарын өз тәжірибелерінде қолдануына жағдай жасау.
5. Мектептегі жас мамандар үлесін арттыру.
6. Педагогтардың жалпы санынан шебер зерттеуші және сарапшы санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесін арттыру.
7. Оқыту мен оқуда 7 модульге негізделген құрылымдастырылған сабақ түрлерін енгізуді дамыту;

VІ. Оқушылар мен ұстаздардың ғылымға бейімделуіне жағдай жасау. 1. Оқушылар мен ұстаздардың ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы.
2. Ғылыми-зерттеушілік қоғамдастықпен стратегиялық инновациялық бағыттар бойынша ықпалдастыруға мүмкіндік ашу.
3. Мұғалімдерді өз білімін көтеру тақырыбы бойынша ғылыми жұмысқа тарту.
VІІ оқушы қажеттілігін асыру, жеке тұлға қалыптастыру 1. Диалогтік оқытуды қолдана отырып, оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру;
2. Оқушы білімін объективті бағалауда критериалды бағалауды енгізу;
3. Білім сапасын Lesson-Stusy, Web-QUEST сияқты зерттеу жүргізу арқылы арттыру;
VІІ. Материалдық қамтамасыз ету. 1. Мәліметтер қорын құру, «Материалдық-техникалық база»
2. Мектеп аумағын көгалдандыру.
3. Мектеп дәліздерін заманауи талапқа сай безендіру.
4. Мектеп кабинеттерін теледидарлармен, әр түрлі қойылым түрлерімен (приставкалармен) қамтамасыз ету.
5. Сапалы, инновациялық оқу құралдарымен жабдықтау.
6. Мектеп мұражайын жетілдіру
7. Оқушыларға арналған жолда жүру қалашығы алаңын жасау

Бағдарламаның міндеттері:
• Әрбір іс-әрекетке эволюция, рефлексия, кері байланыс жасай отырып, білім мониторингін жасау жүйесін жетілдіру;
• Оқушы үнін, ата-ана пікірін, мұғалім пікірін ескере отырып, мектеп жұмысының жүйесін реттеу;
• Көшбасшылықты енгізу арқылы мектептің басқару жүйесін жетілдіру;
• Желілік қоғамдастық қызметін жетілдіре отырып, педагогикадағы кездескен проблемалық мәселелердің дұрыс шешімін табу;
• Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
• Оқушылардың жас ерекшелігінің дамуына сәйкес жалпы білім берудің әр түрлі сатыларында білім беру бағдарламаларының ізбасарлық тиімділігін қамтамасыз ету;
• Әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелендіру;
• Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытудың формалары мен әдістерін жасау және жүзеге асыру;
• Оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмді, саяси сауаттылықты тәрбиелеу.
• Мектепті ерте кезеңнен бағдарлы оқытуға негіздей отырып, мұғалімдер мен ата-аналардың сауалнамалары арқылы психологиялық қызмет жұмысын күшейту.
• Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің жаңа формаларын ұйымдастыру, «Ата-ана мектебін» құру.
• Мектепті жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
• Оқу сапасын көтеруге бағытталған зерттеу жұмыстарын күшейту.
• Білім сапасын Lesson-Study, Web-QUEST сияқты зерттеу жүргізу арқылы арттыру;
• Дарынды балалармен жұмысты жандандыру /2020-2025 бағдарламасы бойынша халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары қорытынды емтихандардан, ҰБТ-дан босатылатын болады және ЖОО-ға тікелей қабылданатын болады./
• Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қолға алу
• Кәсіптік бағдар беру жұмысын жандандыру
осы мақсат-міндеттердің іске асырылуы мен нәтижесіне SWOTталдау жасап, /мықты жақтары, әлсіз жақтары, қауіптер, мүмкіндіктері/, оқушы үшін, ата-ана пікірін, мұғалім ұсынысын ескере отырып мақсатқа жұмыс жасау керек.Мектеп көшбасшысы мұғалім жұмысының тиімділігін бақылап, эвалюация жасау үшін педагогиканың жаңа нысандарын игеру қажет. Сондай-ақ, алуан түрлі адамдардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырып, және жергілікті қоғамның күшін пайдалану мақсатында ата- аналармен және мүдделі адамдармен бірлесіп жұмыс істей отырып, барлық оқушылардың табысты оқып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Осы орайда, Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы директорлардан мектептің дамуын басқарумен қатар бақылауды да талап етеді және директорға төмендегідей негізгі үш талап қойылады:
1. Өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру:
2. Мектеп көшбасшылығы мен оны басқару туралы мықты білім мен түсінік қалыптастыру;
3. Тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы және адамдармен қарым-қатынас жасау өнерін игеру. Сондықтан мектеп басшысы менджментті игерген менеджер ғана емес, адамға деген құрмет көрсетіп, сенім арта білетін, көшбасшылық пен бөлінген көшбасшылықтың мүмкіндіктерін көре және болжай алатын, мақсаты- басқару емес, жетекшілік пен тәлімгерлікке бұрылған тұлға деген тұжырымға келдім. Мақсат айқын – табысты оқушы, табысты мұғалім, табысты басшы, табысты мектеп! Олай болса, осы мақсатқа жету үшін шынайы іс - әрекеттің маңызы зор. Себебі, тек шынайы жауапкершілікпен жұмыс жасайтын ортаны қалыптастыру – тиісті нәтижеге жеткізеді.